Жаңалықтар

Цинхайда экологиялық жағдай жақсарып, хайуанаттар саны артты

Цинхайда экологиялық жағдай жақсарып, хайуанаттар саны артты

Соңғы жылдары Цинхай өлкесіндегі Юшу Тибет автономиялы облысында ілбіс, қабылан сияқты хайуанаттар көзге жиі шалынатын болды. Бұл экологиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Юшу-Янцзы, Хуанхэ және Ланцан өзендерінің қайнары және қорық аймағы. Қытайдағы ең үлкен Саньцзянюань ұлттық табиғи қорығы және алғашқы құрылған Саньцзянюань ұлттық саябағының негізгі аумақтары Юшуда орналасқан.

Хох Силде - 51-інші дүниежүзілік табиғи мұра орны, ал Лунбао ұлттық табиғи қорығы - маңызды сазды саябақ. Бұл аймақ Тибет бөкені, ілбіс және жабайы қодас сияқты үстірттерде сирек кездесетін хайуанаттардың мекендейтін маңызды аумағы болып табылады.

Мұнда хайуанаттардың 85 түрі, өсімдіктердің 65 тобы мен 348 тұқымға жататын 1440-тан астам сұрыптары бар. Бұл әлемдегі ең көп шоғырланған таулы биоәртүрлілігі бар аймақтардың әрі әлемдегі ең бай су ресурстары бар өңірлердің бірі. Аталмыш аймақ Азияның солтүстік жартышарында, тіпті бүкіл әлемде климаттың өзгеруінде маңызды рөл атқарады.

Фото: Kaz.people.cn