Астаналық полицейлер гашиш есірткісін сату әрекетінің жолын кесті
Астаналық полицейлер гашиш есірткісін сату әрекетінің жолын кесті
Астаналық полицейлер гашиш есірткісін сату әрекетінің жолын кесті, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Астаналық полицейлер елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде есірткі сатушыны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оларды өткізу нәтижесінде 41 жастағы ер адам анықталды. Оның тұрғылықты жері бойынша салмағы шамамен 3 грамм гашиш тәркіленді.
Бұған дейін оған қатысты салмағы шамамен 18 грамды құрайтын гашиш есірткі затын сату фактісі тіркелген болатын.
Бір мезгілде есірткі қылмысы үшін бұрын сотталған есірткінің негізгі жеткізушісі 46 жастағы ер адам анықталып, одан салмағы 4,5 келі гашиш тәркіленген. Оны елорда аумағында сатпақшы болған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, бұл 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға алып келіп соғады.
Ұсталған тұлғалар Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: Polisia.kz