Иран Қазақстан үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

08 Тамыз, 2018 1166 0

Иран қазақстандық кәсіпкерлер үшін виза режимін жеңілдеткен. Бұл туралы Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз екі мемлекеттің азаматтары үшін виза режимін жеңілдету туралы келіссөз жүргіздік. Нәтижесінде тиісті құжатқа қол қойдық. Онда қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін жеңілдетілген виза тәртібі енгізілетіні көрсетілген. Сондай-ақ біз екі ел азаматтарының жүріп-тұруын жеңілдетуге мүдделіміз. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда Иран көрші мемлекетермен толығымен визасыз режим енгізу бағытын ұстанып отырғанын атап өткім келеді», - деді елші Ақордада.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилумен кездесті.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Тегтер: иран, қазақстан, тегеран, астана, виза

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.