Жаңалықтар

Депутат Ардақ Назаров журналисттердің сұрағынан тағы қашты

Депутат Ардақ Назаров журналисттердің сұрағынан тағы қашты

Күні кеше депутаттық мандатқа ие болған кәсіпкер Руслан Берденов журналисттердің сұрақтарына жауап беруден қашқан еді. Бүгін спортшы Ардақ Назаров сынға ілінді, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында халық қалаулысы Ардақ Назаров журналисттердің ешбір сұрағына жауап берместен кете барды. Ал кеше депутаттық мандатын алуға барған ол, Қаңтар оқиғасы туралы сұраққа "Алла баршаңызды аман етсін" деп түсініксіз жауап берді. Оның бұл әрекеті әлнуметтік желілерде тарап, желі қолданушылары сынай жөнелді.

Оның бұл әрекетін Мәжіліс төрағасы Ерлан  Қошановтан сұрағанда:

"Негізі ол дерутаттың өзінің құқығы жауап беру, бермеу. Алайда журналисттерге жауап беруі қажет. Өйткені журналисттер арқылы біз халыққа жақын боламыз. Сұхбат беруге, сұрақтарға ашық жауап беруге тиіспіз. Ал журналисттердің сұрақтарына жауап бермеді деп депутаттық мандатынан айыра алмаймыз"-деді.

Естеріңізге сала кетсек, джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы, Еуразияның екі мәрте чемпионы.

Фото: Qaz365.kz