Жаңалықтар

Лиссабонда жасалған шабуылға күдікті адам тұтқындалды

Лиссабонда жасалған шабуылға күдікті адам тұтқындалды

Португалия полициясы Лиссабондағы Исмаилит орталығында жасалған шабуылға күдікті адамды тұтқындады, деп Newsroom.kz хабарлайды Euronews.com-ға сілтеме жасай отырып.

Пышақпен қаруланған қаскүнемнің қолынан екі әйел қаза тапты. Зардап шеккендер бар. Жергілікті БАҚ - тың хабарлауынша, шабуылдаушы Ауғанстанның тумасы.

Ұсталған кезде тәртіп сақшылары оны аяғынан жарақаттады.

Португалия Премьер-министрі Антонио Коста қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Фото: Korrespondent.net