Жаңалықтар

Мексикадағы мигранттар орталығындағы өрттен 39 адам қаза тапты

Дүйсенбіде Мексиканың солтүстігіндегі Сьюдад Хуарес қаласындағы мигранттар орталығында өрттен кем дегенде 39 мигрант қайтыс болды, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.

Өрт дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында Мексиканың Сьюдад Хуарес қаласында Техастағы Эль Пасомен байланыстыратын халықаралық Стэнтон көпірінің жанында орналасқан Ұлттық көші-қон институтында басталды.

Институтта орталық және Оңтүстік Америкадан келген 68 ересек ер адам болғанын, олардың 29-ы өрттен зардап шеккенін және осы аймақтағы төрт ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Фото: BBC.com/Getty images