Жаңалықтар

Alibaba негізін қалаушысы Джек Ма Қытайға оралды

Үш жыл бұрын көпшілік алдында көрінуді тоқтатқан қытайлық миллиардер Джек Ма еліне оралды, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.

Оған тиесілі газет елдің шығысындағы мектепке қалай барғаны туралы материал жариялады, онда Джек Ма оқушылармен жасанды интеллект тақырыбында сөйлескен. Бұқаралық ақпарат құралдары Ма-ның оралуы Қытай билігінің кәсіпкерлерге деген көзқарасының жұмсарғандығы белгісі болуы мүмкін деп болжайды.

58 жастағы Джек Ма – танымал AliExpress интернет-дүкенін басқаратын қытайлық электрондық коммерция алыбы Alibaba Group негізін қалаушысы. Қытайдың ең танымал және ықпалды кәсіпкерлерінің бірі бола тұра – ол 2020 жылы кенеттен байланысқа шықпай қалды, содан бері ол шетелде бірнеше рет қана көрінді.

Жоғалғанға дейін Джек Ма Қытайдың онлайн-коммерция нарығын реттеушісіне сын айтты, ол инновацияны тым қатаң қадағалау шараларымен тұншықтырып жатыр деп кінәлады. Кәсіпкер сонымен қатар елдің банк секторын «ломбард менталитетімен» теңестірді.

Фото: BBC.com