«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңы: әкімдік сауданы ұйымдастырудың бірыңғай ережелерін әзірлейді

22 Қаңтар, 2020 109 0

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматы қаласы аумағында сауданы ұйымдастырудың жаңа ережелерін әзірлеу, сондай-ақ маусымдық (жазғы) алаңдарды орналастыру мәселелері туралы айтып берді.

2019 жылдың желтоқсан айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап Заң күшіне енді. Барлығы-28 өзгеріс, олар сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, көлік, әлеуметтік сала, соның ішінде кәсіпкерлікке қатысты.

Қазіргі таңда «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес қаланың аумағында сауданы ұйымдастыру Ережелері әзірленуде, онда стационарлық емес сауда объектілерін орнату үшін орындарды анықтаудың негізгі талаптары мен өлшемдерін, бірыңғай дизайн код, сондай-ақ кәсіпкерлерге орындарды бөлу тетігін бекіту жоспарланып отыр.

Еркебұлан Оразалин хабарлағандай, ережелер аясында стационарлық емес сауда объектілерін, оның ішінде жылжымалы фуд-трактарды орнатуға арналған орындарды кәсіпкерлердің өтініштері бойынша санитарлық нормаларды сақтай отырып анықтау ұсынылады, оның үстіне жақын жерде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрі бар коммерциялық үй-жайлар тиіс.

«Бүгінгі күні кәсіпкерлердің өтініштері бойынша стационарлық емес сауда объектілерін орнатуға арналған «Атамекен» ҰКП ұсынған 250 жер учаскелерінен бірінші кезеңде 85 учаскелер іріктелді. Оларды аукцион арқылы немесе отандық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ететін тауар өндірушілермен тікелей шартқа отыру арқылы қолануға беру ұсынылады», - деп атап өтті Е. Оразалин.

Бұдан басқа, фуд-трактарды орналастыру бойынша шамамен 50 орын анықталады. Стационарлық емес объектілеріне жәрмеңке қызметі де жатады. Аталған жәрмеңкелердің негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы және отандық тауар өндірушілердің өнімдерін халыққа тікелей жеткізу.

Бүгін «демалыс күні» жәрмеңкесі қаланың 5 ауданында жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың ақпан айында қосымша 5 жәрмеңке ашу жоспарланған. «Жеке жер телімдеріндегі стационарлық емес сауда объектілері бойынша Көше саудасы ережелеріне сәйкес бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету қажет», - деді Е. Оразалин.

Тегтер: Алматы, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.