Жаңалықтар

Ай мен Жердің арасында қаланы толықтай жоя алатын астероид ұшып өтті

Сенбі күні кешке Жер мен Айдың орбиталары арасында бір қаланы толықтай жоюға қабілетті үлкен астероид ұшып өтті, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.

Бақытымызға орай, ол АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігінде болжанғандай жермен және оның серігімен соқтығысқан жоқ.

2023 DZ2 астероидының диаметрі 40-тан 90 метрге дейін. Шамамен 19:49 Гринвичте (немесе мәскеу уақытымен 22:49) жерден шамамен 175 мың шақырым қашықтықта ұщып өткен.

Мұндай үлкен астероидтар біздің планетамызға сирек жақындайды. Астрономдар астероидтың ай мен жердің арасында ұшып өтуін онжылдықта бір рет болатын оқиға деп мәлімдеді.

Фото: BBC.com