Ел ішінде көмір бағасы бір жылда 13%-ға өсті, деп Newsroom.kz хабарлайды Energyprom.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Биылғы бірінші айда ҚР-да қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 10,4 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,3% артық.
Өндірістің негізгі өңірлері — Павлодар және Қарағанды облыстарының үлесіне жалпы өнім көлемінің 90,7%-ы тиесілі болды. Павлодар облысында 6,6 млн тонна көмір өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3% артық; Қарағандыда — бір жылда 2,8 млн тонна көмір өндірілді, 4,9% азайған.
Энергетикалық көмірдің ірі өндірушілерінің бірі «Шұбаркөл Көмір» АҚ (ERG-ге қарасты, Қарағанды облысы) қуаттылығы жылына 200 мың тонна арнайы кокс өндіру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚР ИИДМ. 2023 жылдың қазан айында кәсіпорынның қуаттылығын жылына 400 мың тоннаға дейін арттыратын арнайы кокс шығаратын жаңа зауытты іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, былтыр шілде айынан бастап кәсіпорын белсендірілген көмір өндіру жұмысын бастады. Жобаның негізгі міндеті — импортты алмастыру мәселесін шешу.
Биыл қаңтар айында 9,4 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,4% аз. Оның ішінде кокстелетін көмір өндірісі 517,9 мың тоннаны (бір жылда 39,3% азайған), энергетикалық көмір өндірісі 1,1 млн тоннаны (8,5% азайған) құрады.
Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі бірден 14,7% өсіп, 673 мың тоннаға жетсе, көмір концентраты өндірісі, керісінше, 33,8% азайып, 242,2 мың тонна болды.
Анықтама үшін: жалпы 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында сектордағы өндіріс 118 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2% артық*.
2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан 946,5 млн АҚШ долларына 29,5 млн тонна тас көмір экспорттады. Өсім физикалық мәнде 1%, ақшалай түрде — бірден 89,3% болды.
Бір қызығы, ТМД елдеріне 283,1 млн АҚШ долларына (бір жылда 27,9% айзаған) 20,2 млн тонна көмір жөнелтілді (былтырғыдан 13% аз). Ресей қазақстандық көмірдің негізгі импортшысы болды: 213,3 млн АҚШ долларына (бір жылда 7,9% азайған) 18,6 млн тонна (былтырғыдан 2,4% аз) көмір импорттады. Одан кейінгі тұтынушылар Қырғызстан мен Өзбекстан.
Бұл ретте әлемнің қалған елдеріне 9,3 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 55,3% көп. Қазақстаннан бұл бағыттағы экспорт көлемі ТМД елдеріне жөнелтілгенмен салыстырғанда екі есе аз болғанымен, ақшалай түрде 2,3 есе көп. Атап айтқанда, ТМД-дан басқа елдерге жіберілген экспорт бір жылда ақшалай түрде 6,2 есе көбейіп, 663,3 млн АҚШ долларын құрады. Мұнда негізгі тұтынушылар Швейцария, Польша, Түркия, Кипр және Латвия.
ҚР ішкі нарығында биыл ақпан айының қорытындысы бойынша тас көмір 2022 жылдың ақпанымен салыстырғанда 12,6% қымбаттады.
Өңірлер бойынша көмір бағасының ең көп өскен Ұлытау облысы: бір жылда бірден 66,2%. Одан кейін Ақтөбе (бір жылда 27,4%) және Түркістан (23,3%) облыстары.
Ең аз жылдық баға өсімі Ақмола облысында тіркелді: 1,8%. Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейде қалды.
Фото: inbusiness.kz