Күні кеше әнші Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмыс құрмақшы екенін мәлімдеп, тыңдармандарын таң қалдырған еді. Және де өзінің тағы жаңалығы бар екенін астарлап жеткізген болатын. Бүгін ол өзінің Instagram парақшасының сторизінде болашақ жары туралы тың ақпараттермен бөлісті, деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
"Қайырлы күн қымбаттыларым! Міне жүзік тағылды. Ол өзі ұялшақ жігіт. Сондықтан халықтың алдына шығып, таққысы келмеді. Өзі орыс мінезді. Қостанайдан. Арғынның жігіті. Менен екі жас кішкентайлығы бар. Қыздарыма жақсы әке болып жүр. Қыздарымның келісімі көбірек болды",-дейді әнші.
Сонымен қатар эстрада жұлдызы "халықтың алдында жүргендіктен, 40-тан асқан келіншек болғандықтан, әрбір қадамының сынға түсетінін және бұл шешімге келуі үшін ұзақ ойланғанын" айтты.
Еске сала кетсек, әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін әзілкеш Сәбит Әбдіхалықовтың жары болған. Екеуінің некесінен төрт қыз дүниеге келген. Отбасылық жағдайларына байланысты қос жұлдыз, кейінгі өмірін өзге жандармен өткізуді шешкен.