Жаңалықтар

Тоқаев Меккеде «Әр қазақ бай болсын» деп дұға етті - Бас мүфти

Тоқаев Меккеде «Әр қазақ бай болсын» деп дұға етті - Бас мүфти

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қажылық сапарының егжей-тегжейін бірге барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтып берді. Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында Мемлекет басшысының қандай дұғалар жасағаны сөз болды, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«Қандай тілегіңіз болса Алла қабыл етеді дедім. Ол кісі «Менің жалғыз тілегім – елімнің амандығы мен ынтымағы, ауызбіршілігі» деп айтты. Меккеге барғасын құрмет көрсетіліп, Қағбаға кіргізді. Пайғамбарымыз намаз оқыған жерде намаз оқып, дұға қылдық. Қара тастың тұсына келгенде де дұға жасаңыздар деп ұсыныс білдірді бізге. Қара тасты сүйдік. Одан кейін Қағбаны айналып жүргенде көп дұға қылдық. Мен қазақша-арабша дұға жасап жүрдім, Мемлекет басшысы «Әмин» деп тілекші болып жүрді. Тәуәп біткеннен кейін Мемлекет басшысы өзі де елдің бірлігіне, ынтымағына дұға жасады. Соны бірі – «Әрбір қазақ бай болсын» деп тілегені. Мен «Әмин» дедім. Бұған бұ дүниеде де, о дүниеде де куәлік етем»,- деп еске алды Бас Мүфти 2022 жылғы сапарды.

«Пайғамбарымыз әрқашан тәуәптың алдында қара тасты сүйетін болған. Бір қуантарлық жағдай, пандемияға байланысты қара тасты сүюге рұқсат  берілмеген еді. Ауру тарамасын деп қоршап қойған. Біз барғанда Алланың құдіретімен бірінші болып соны бізге сүйгізуге нәсіп етті. Бірінші Президент, содан кейін мен сүйдім», - дейді Наурызбай қажы.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=Caozkb8wI8s&t=4306s[/embed]