Жаңалықтар

Енді ұшаққа Face ID-мен кіруге болады

Енді ұшаққа Face ID-мен кіруге болады

Отырғызу талонының орнына Face ID пайдалану тіркеуден рейске отыруға дейінгі жолды жылдамдатады, сонымен қатар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады, деп Newsroom.kz хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Face ID технологиясын енгізуді көздейтін Sita (Société Internationale de Télécommunications Aéronautiques) швейцариялық компаниясымен ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды.

SITA-авиация саласында телекоммуникация және IT қызметтерін ұсынатын Швейцарияның көпұлтты ақпараттық ұйымы.

«Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін SITA әуежайдағы бақылау пункттерінен кедергісіз өту жүйесін ұсынуға дайын. Оның жұмысы бет биометриясын тану технологиясына негізделген. Отырғызу талонының орнына Face ID пайдалану тіркеуден рейске отыруға дейінгі жолды жылдамдатады, сонымен қатар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады, өйткені терминал қызметкерлерімен байланыс азаяды», − делінген ақпаратта.

Келісім Sita Airport Management жүйесін енгізуді көздейді, ол өндірістік процестерді болжауды және әуежай қызметтерінің жұмысын бақылауды жақсартуға және әуе кемелеріне қызмет көрсету операцияларын және материалдық және еңбек ресурстарын бөлуді оңтайландыруға көмектеседі.

«Біз 2023 жылды цифрландыру жылы деп жарияладық, өйткені жаңа технологиялар осы қарқынды өсуге және клиенттерімізге үздік сервис ұсынуға ықпал ететін негізгі фактор болып табылатынына шын жүректен сенеміз», − деп атап өтті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин.

Құжатқа Амстердамдағы Passenger Terminal Expo 2023 көрмесінде қол қойылды.

Айта кетейік, Астана әуежайы екінші жыл қатарынан Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуежай ретінде World Airport Awards сыйлығын алды.

Фото: Aeroport.kz