Трамп 21 наурызда қамауға алынатынын мәлімдеді
Трамп 21 наурызда қамауға алынатынын мәлімдеді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 21 наурызда бұрынғы порно актриса Сторми Дэниэлстің ештене айтпауы үшін ақша төлегені бойынша бірнеше жыл бұрын ашылған іс шеңберінде қамауға алынатындығын күтеді, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.
Өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұрынғы президент жақтастарын оны қорғау үшін наразылық акцияларына қатысуға шақырды.
Трамптың айтуынша, оның қамауға алынуы туралы ақпарат "Манхэттеннің жемқор және өте саясаттандырылған Прокуратурасынан" келеді және өзін кінәсіз деп санайды.
Фото: BBC.com/Getty images