Жаңалықтар

Жеке ренішпен саясатқа араласу – арамдық – Азаматхан Әміртай

Жеке ренішпен саясатқа араласу – арамдық – Азаматхан Әміртай

Мұндай пікірмен саясаткер Азаматхан Әміртай Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында бөлісті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«Бізде айғайшылар көп. Кезінде банкир болған, бюджеттен миллиардтаған ақша алғандар, мемлекетте қызметтен ренжіп кеткендер қазір өздерінің жеке ренішін танытып жүр. Экс-Президент Назарбаевтың қасында жүргендердің бәрі қазір билігінен ажырап кетті. Қазір олар да қайтадан бастайды, партия ашамыз деп. Жеке ренішпен саяси алаңда жұмыс істеу дұрыс емес, ол арамдық. Таза болу керек», - дейді ол.

«Біз осы елде, осы жерде аяғымызбен жүрміз. Осы елдің нанын жеп отырмыз. Партия құрам деп жүргендердің көбі – айғайлағыштар. Фейсбукта отырады, халықпен кездесіп, жұмыс істегілері келмейді», - деп кіжінді Азаматхан Әміртай.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=p7JAI9ypnzA&t=79s[/embed]