Өзбекстан президенті өзі рөлге отырып жолды тексерді
Өзбекстан президенті өзі рөлге отырып жолды тексерді
Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиев жолдардың сапасын өзі тексерді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі uznews.uz-ге сілтеме жасап.
Көрші мемлекет басшысы аймақ әкімшілігінің басшысына жолдардың жағдайына қатысты сын айтты.
Байсун-Денау бағыты бойынша жолдардың сапасы бойынша азаматтардан келіп түскен шағымдарды ескере отырып, Өзбекістан елінің басшысы Сурхандария жолдарымен автокөлікпен жеке жүруге шешім қабылдаған. Сөйтіп ол өңір әкімі Ұлықбек Қасымовқа Байсун-Денау жолын жөндеуді тапсырған.
"Біздің осы жолмен жүруіміздің мақсаты - адамдар Байсун-Денау бағыты бойынша жолдың сапасына наразы. Мен біреуге сенбеймін. Сіз біреуге сенесіз, сіз алданасыз. Біз бұл жолдарда жүру мүмкін емес екенін өз көзімізбен көрдік. Әрине, адамдар наразы болады. Сіз адамдардың қарсылықтарын ескеруіңіз керек. Адамдармен байланысыңыз, жолдар тегіс және сапалы болатындсй етіп жөндеңіз", - деді Шавкат Мирзиеев.
P.S. Біздің еліміздің барлық өңірінде де жолдың сапасы сын көтермейтінін бесенеден белгілі. Жол құрылысы аяқталған соң, өңір, аймақ басшысы дәл осылай өз көзімен көріп, қабылдауды қолға алса, жыл сайын жамала беретін сапасыз жолдар сол сәтте жөнделер ме еді, кім білсін?!
Фото: Скриншот