Түлкібас: Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров «Sas-Tobe Technologies» ЖШС жұмысшыларымен кездесті
Түлкібас: Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров «Sas-Tobe Technologies» ЖШС жұмысшыларымен кездесті
Ауданда ең ірі өндіріс ошақтарының бірі саналатын «Sas-Tobe Technologies» ЖШС 567 адам жұмыс істейді, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Жылына 450 мың тонна сұр цемент, 90 мың тонна әк өндіретін зауыттың бүгінде банк алдындағы қарызын өтеу мәселесі күрделі болып тұр.
Аталған мәселені жан-жақты талқылап, тиімді шешім қабылдау мақсатында бүгін өндіріс ошағына облыс әкімінің орынбасары Көшеров Нұралхан Оралбайұлы арнайы келіп, зауыт басшылығы және жұмысшыларымен кездесіп, өтініш-ұсыныстарын тындады.
Кездесуге аудан әкімі Н.Байғұт және аудан прокуроры, облыстық еңбек инспекциясы басшысы мен салық басқармасының орынбасары қатысты.
Зауыт жұмысының қалыпты режимін қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын ортаға салған жұмысшылар кәсіпорын басшылығы айлықты уақытылы беріп келгенін жеткізіп, облыс әкімінің орынбасарынан қолдау сұрады.
Нұралхан Оралбайұлы жұмысшылардың өтініші назарға алынып, мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында заң аясында тиісті шаралар атқарылатынын атап өтті.