Шымқаланың әкімі ауысты. Ендігі кезек кімдікі?

21 Қаңтар, 2020 655 0

21 қаңтар Қазақстан үшін қарбалас басталды. Павлодар облысының су жаңа әкімі тағайындалып жатқан тұста, Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды. 

Ерлан Айтахановтың орнына Краснодар қаласындағы әскери институтты бітірген Мұрат Әйтенов тағайындалды. Естеріңізге сала кетсек, Шымқаладағы ауыс-түйіс туралы танымал қазақстандық элитолог Ербол Еділов Телеграм каналында жазған болатын. 

Келіп жеткен соңғы деректерге сүйенсек, енді еліміздің күнгей облыстарының бірінде ауыс-түйіс болып, Қазақстандағы ең ірі үш мегаполистің әкімінің бірі ауысуы мүмкін дейді. Үш мегаполистің бірі Шымкенттегі тағайындау туралы осы мақаламыздың басында жазып кеткенімізді ескерсек, қалған кадрлық өзгерістердің қай қалада болатынын болжау қиын емес секілді.

Ал, Ресейдегі Қазақстан Елшісінің орны әлі бос екенін байланысты бұл орынға да кімнің баратыны белгісіз болып тұр. Түрлі саясаттанушылардың болжауынша еліміздегі "ауыр салмақты" саяси аренада жүрген тұлғалардың бірі баруы мүмкін екен. Сондықтан қаңтар мен ақпан айы түрлі кадрлық өзгерістерге толы болғалы тұр. 

Newsroom Aqparat




Тегтер: шымкент, павлодар, қазақстан, жаңалықтар, кадр, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.