Сұмдық! Жалған доллар сатпақ болған
Сұмдық! Жалған доллар сатпақ болған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, – деп Newsroom.kz хабарлайды Aikyn.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды.
Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, қару, оқ-дәрі, жалған банкноттарды тасымалдау дерегі анықталды.
Күдіктілер сақтық үшін жасырынған. Заманауи техникалық байланыс құралдарын қолданған. Сондықтан олардың қылмысын әшкерелеу де қиын болған.
Күдіктінің заңға қайшы іс-әрекеті елдің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Жедел тексерудің нәтижесінде, қылмыстық бизнес жойылды. Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: Калашников автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450-ден астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды.
Ұсталған адам қылмысын мойындады. ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Фото: gov.kz