Жаңалықтар

Америкалық "Оскар" кинододасы өз мәресіне жетті

Америкадағы жыл сайынғы киноиндустрия саласындағы үздіктердің сайысы өз мәресіне жетті. Мерекелік шара Лос-Анжелестегі Dolby театрында 95-ші марапаттау рәсімі болып өтті. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды newsroom. kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Биылғы жылдағы "Оскардың" өз ерекшелігі болды. Ол 1960 жылдан бері өзгермеген қызыл түсті кілем шампан түске ауыстырылды. Және бір айтарлығы әр жылдағыдай әртістер қызыл кілемшеде, ашық аспанда жүріп өтпеді. Биыл онлайн форматта жабық павильонда өтті. Жұлдыздар жиналған мерекелік шара әртүрлі қызықты сәттермен есте қаларлығы анық. Еске сала кетсек, былтыр актер Уилл Смит әйелін келемеждеген жүргізушіні шапалақпен ұрған еді. Биыл ондай "қантөгіссіз" өтті.

95-ші Оскар сыйлығының кешін Джимми Киммель жүргізді. Ол бұл шараның үшінші рет тізгінін ұстады.

Сонымен марапатталғандар тізімі жарияланды.

Ең Үздік фильм - «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмі 11 номинациямен жеңіске жетті.

Ең Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы».

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Канадалық режиссер Дэниел Роэрдің "Навальный" фильмі ең үздік деректі фильм атанды.

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Оскардан кенде қалмайтын режиссер Джеймос Кэмеронның «Аватар: Су жолы» туындысы ең үздік визуалды эффектілер номинациясын жеңіп алды.

Ең Үздік режиссер - «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт иемденді.

Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса - Мишель Йео («Барлығы барлық жерден және бірден). Актриса Оскар тарихындағы бұл номинацияны жеңіп алған ең алғашқы актриса болды.

Фото spletnik.ru