Иранда жүздеген оқушы қыз улануы бойынша 100 күдікті ұсталды
Иранда жүздеген оқушы қыз улануы бойынша 100 күдікті ұсталды
Иранда жүздеген оқушы қыз белгісіз заттан уланды. Сенбі күні елдің ішкі істер министрі осы іске қатысты адамдардың ұсталғанын мәлімдеді, деп newsroom.kz хабарлайды inform.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы айда жүзден астам оқушы қыз белгісіз заттан уланып ауруханаға түскен. Олардың көбі жүрек айнып, жүрек соғысы жиілеп кеткенін айтып шағымданған. Кейбірі басы шағып ауырғанын айтқан.
Иранның ресми тұлғаларының айтуынша, әлсіз умен оқушы қыздарды улау қастандығы жаслағанға ұқсайды. Себебі, тәртіп сақшылары күдік тудыратын заттарды тауып алған.
«Тергеу жұмыстары кезінде біз күдік тудыратын заттарды тауып алдық. Оларды зерттеп жатырмыз. Жақын арада зерттеу нәтижесі жарияланатын болады», деп хабарлады министр Абдолреза Рахмани Фазли.
Барлау министрлігі өткен сәрсенбіде елдегі кейбір мектептерде оқушы қыздарды улау қастандығы жасалғаны жайлы баяндама жариялаған еді. Алғашқы дерек Кум қаласында тіркелген сәттен бастап қауіпсіздік қызметкерлері тиісті тергеуді бастап кеткен.
Қазіргі сәтте 100 адам күдікті ретінде ұсталған. Олардың мақсаты елде үрей туғызып, Иранға қатысты скептицизм қалыптастыру болған.
Фото: newtimes.kz