Қытайға келіп-кететіндердің саны айтарлықтай өсті
Қытайға келіп-кететіндердің саны айтарлықтай өсті
Ұлттық иммиграция әкімшілігінен алған мәліметіне сәйкес, 8 қаңтардан бастап Қытайда індеттің алдын алу және тізгіндеу шаралары жеңілдетілгеннен бері, 7 наурыздағы жағдай бойынша ұлттық иммиграция әкімшілігі елге кіріп-шыққан жалпы саны 39,722 миллион адам мен 2,487 миллион көлік құралын (кеме, ұшақ, пойыз) тексерген, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.
Көрсеткіш нәтижесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 112,4% және 59,3%-ға ұлғайғанын байқатты. Оның ішінде 1,013 миллионы елге 25 ақпанда келіп-кеткен.
Ұлттық иммиграция әкімшілігі жалпы саны 3,362 миллион кәдімгі төлқұжатты, Сянган, Аомэнь және Тайваньға барып-келетін 12,672 миллион құжатты, 122000 шетелдік визалар мен уақытша тұруға рұқсат қағаздарын берді. Індеттің алдын алу және тізгіндеу шаралары енгізілгенге дейінгі жағдайдан көрсеткіш 12,20.9%、837.7%、33.1%-ға өскен.
Фото: Kaz.people.cn