Жаңалықтар

Ресейде IT-мамандарға жеңілдетілген ипотека беруде

Ресейдің 80 аймағында IT мамандарына арналған бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие мөлшерлемесімен 7600-ден астам несие берілді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталының тілшісі It-world.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы басталғаннан бері 32000-ға жуық өтінім берілді. Қазіргі уақытта 14000 өтінім мақұлданды, қалғандары өңделуде.

2023 жылдың қаңтар айының соңында IT ипотекасын алу ережелері өзгерді. Несиені рәсімдеу шарттары жеңілдеді, жалақыға қойылатын талаптар төмендетілді.

Осы сәттен бастап IT ипотекасына өтінімдер саны белсенді түрде өсе бастады. Егер 2022 жылғы желтоқсанда банктерге 2100 өтінім түссе, 2023 жылғы ақпанда 4700 өтінім берілді. Беру қарқыны мен көлемі екі есе өсті — аптасына 500 кредитке дейін, шамамен 5 миллиард рубль.

Фото: rg.ru