Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әншілер карантиннен кейін жиналып «шегіртке» дегендерді сотқа бермек

Әншілер карантиннен кейін жиналып "шегіртке" дегендерді сотқа бермек

Әншілер карантиннен кейін жиналып «шегіртке» дегендерді сотқа бермек
ашық дереккөзі

Елдегі карантиндік шектеулер аяқталған соң, әншілер жиналып, "шегіртке" дегендерді сотқа бермек.

 width= Бұл туралы "Еуразия" арнасындағы "Basty prime" бағдарламасында әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова айтты.
Біз қазір карантин болған соң шыдап отырмыз. Шектеулер аяқталған соң, "шегіртке" деп айтқан кісіні сотқа береміз деп отырмыз. Өзі Қытайдан келген екен. Жалғыз шегіртке дегенінен бөлек, әйел әншілерге тіл тигізген. Айтқандарының бәрін жинап жатырмыз. Жақсы адвокат жалдаймыз, - дейді Майра Ілиясова.
Айта кетейік, осыған дейін бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила отандық арналардың бірінде лотерея ойнатып жүрген әншілерді "шегірткеге" теңеген болатын.
Жұлдыз дегенді қайдан тауып алғандарын білмеймін, мен оларды "шегіртке" деп атаймын. Миллиондап оқырман жинап алған шетінен шегірткелер. Дамыған елдерде мұғалім, дәрігерлер, ғалымдар және кәсіпкерлер жұлдыз болуға тиіс. Біздікілердің халықты топастандырғаннан басқа еш пайдасы жоқ. Сол себепті мен "инстаграмның" атын "топастанграмм" деп қойдым, - деген еді Ахметбек Нұрсила.