Жаңалықтар

Egov-те кәсіпкер әйелдерді қолдауға арналған суб-портал құрылуы мүмкін

Egov-те кәсіпкер әйелдерді қолдауға арналған суб-портал құрылуы мүмкін

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалиция кәсіпкерлер үшін Egov платформасында суб-портал құруды ұсынды, деп newsroom.kz хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы желтоқсанда «Орталық Азия елдеріндегі әйелдер кәсіпкерлігінің күн тәртібі» атты WAGE өңірлік бағдарламасы шеңберінде 30-дан астам әйелдер бизнес қауымдастықтары мен азаматтық қоғамның әйелдер ұйымдарын біріктірген Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалиция (Коалиция) құрылды. [embed]https://youtu.be/cmxgxBxYHUg[/embed] Аталған ұйым Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің күн тәртібін әзірледі. Онда әйелдердің экономика саласына тартылуына кедергі келтіретін негізгі құқықтық және гендерлік факторлар көрсетілген. Бұл мәселелерді шешуге арналған ұсынымдар әзірленген құжат. а Мәселен, күн тәртібіндегі ұсынымдар шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлер үшін EGOV платформасында кәсіпкер әйелдерге арналған бизнес туралы ақпаратпен қамтылған жеке беті (қосалқы порталы) бар, «бір терезе» қағидатына негізделген бірыңғай портал құру қажет. а Ішкі порталды мынадай негізгі бөлімдерден құруға болады: - Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау саясаты мен бағдарламалары. Әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы ұлттық және жергілікті саясаттың көрінісі. - Инновациялық қаржыландыру. Кәсіпкер әйелдер үшін интеграцияланған қаржылық қызметтерге, финтех және баламалы инновациялық қаржыландыру көздеріне қатысты ақпарат беру. - Кәсіпкер әйелдердің өз бизнесін кеңейту және дамыту үшін цифрлық құралдар мен технологияларды пайдалану дағдыларын нығайту. - Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ететін мүмкіндіктерді ұсынатын онлайн оқыту орталығы. - Онлайн тәлімгерлік бағдарламалары. - Жаңа бизнес мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру. - Әйелдер бизнес ұйымдарының жеке дерекқорын құру. - Онлайн бизнес-кеңесшілер. - Қолдау қызметіне сұрау салу. «Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттар жинақталған бірыңғай онлайн бизнес-платформаның болмауы қаржы ресурстарына қол жеткізуге кедергі келтіреді. Қазақстанда тәжірибеде қолданылатын сапалы бизнес-оқытудың болмауы мен гендерлік кедергілер әйелдерге кәсіпкерлік қызметпен толыққанды айналысуға қолбайлау болып отыр», деп атап өтті Қазақстандағы WAGE бағдарламасының үйлестірушісі Зарина Бекболат. а Коалиция жоғарыда аталған кедергілерді азайту және Қазақстан әйелдерінің кәсіпкерлік қызметін дамытудағы мақсаттарға қол жеткізу үшін күш біріктірді.