Жаңалықтар

Димаштың әні алғаш рет АҚШ радиосының эфирінде қойылды

Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет АҚШ-тағы танымал «Channel R Radio» радиосында шырқалды – деп хабарлайды деп Newsroom.kz.

Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Радио эфирінде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндерін қояды. Мұнда поп музыкадан R&B, рок, рэп және электрон музыкаға дейінгі барлық жанрдың ең жақсысын тыңдауға болады.

«Бұл – америкалық радиостанцияның эфирінде қойылған қазақстандық орындаушылардың бесінші композициясы. Былтыр Channel R наурыз айында Димаш Құдайбергеннің "Fly Away" шығармасын ChannelRSongOfTheWeek апталық дауыс беру чартына енгізген еді. Апта корытындысы бойынша Dears белсенді дауыс беріп, "Fly Away" 1-орынды иеленді», – делінген zakon.kz ақпараттық сайтында.

Фото: Instagram / kudaibergenov.dimash