Жаңалықтар

Халықаралық бокс федерациясы екі қазақстандық боксшыны рейтингтен алып тастады

Халықаралық бокс федерациясы екі қазақстандық боксшыны рейтингтен алып тастады

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингті жаңартты, деп Newsroom.kz хабарлайды Bassport.kz дереккөздеріне сүйене отырып. 

Басылым мәліметінше, бірінші ауыр салмақта оныншы орында тұрған Серік Мұсаділов үздік он бес боксшының қатарынан шығып қалды.

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов алтыншы орындағы орнын сақтап қалды.

Тізімнің басында Ұлыбритания боксшысы Уильям Скалл тұрса, одан кейінгі сатыға ресейлік Владимир Шишкин мен АҚШ өкілі Калеб Плант жайғасқан.

Чемпиондық атақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тиесілі. Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орынды сақтап қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін WBO Қамшыбек Қоңқабаевты рейтингтен алып тастаған болатын. 

Фото: prosports.kz