Ашулы оқушы мұғалімді соққыға жықты

17 Қаңтар, 2020 290 0

Оқиға физика сабағы кезінде болған. Сабақта оқушы құлаққаппен музыка тыңдап отырыпты. Ол ұстазының ескертуіне құлақ аспаған. Кейін әйел құлаққапты тартқан кезде сындырып алған, деп жазады "Московский комсомолец" басылымы. Бұл туралы Newsroom.kz, Караван-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған қатты ашуланған оқушы мұғалімді соққыға жыға бастаған. Тіпті, интерактивті тақтаның пультімен басынан ұрыпты. Мұғалімнің даусын естіген әріптестері көмекке асықты. Алайда ашуға ерік берген оқушыны үйден келген әжесі ғана сабырға шақыра алды.

Оқыс оқиға болған мектептің ұстаздары бұл оқушының мінезі қиын екенін айтады. Осыған дейін де ұқсас жағдайлар болған. Ол 8-сыныпты осыған екінші жыл оқып жүр екен.


Тегтер: мектеп, оқушы, соққы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.