3D принтер басып шығарған алғашқы зымыран ғарышқа ұшуға дайын
3D принтер басып шығарған алғашқы зымыран ғарышқа ұшуға дайын
Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағының ұшыру алаңында американдық relativity Space компаниясы жасаған Terran 1 зымыраны орнатылып, сынақтан өтуге дайын, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.
Бұл 3D принтерде толықтай көлемді басып шығару әдісімен орындалған алғашқы зымыран тасығыш.
Компания мәлімдемесінде Terran 1 орбиталық ұшуға жөнетілетін ең үлкен 3D басып шығарылған нысан деп айтылды.
Сурет: BBC.com