Адам қалай тролль болады?

17 Қаңтар, 2020 201 0

2009 жылы алғаш рет Британ соты 25 жастағы Шон Даффиді "троллинг" үшін екі айға бостандығын шектеген және бес жыл әлжеліге кіруге тиым салған. Ол жасөспірімдердің парақшаларына намысына тиетін пікірлер жазып, суицидке итермелеген. Ол ешқайсын танымаған.

Енді ғалымдар желіде бес қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар неге басқаларға агрессивті мінез көрсетеді деп зерттепті. Әдетте аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатындар өмірде жолы болмаған лузерлер деседі. Бірақ арасында аузын айға білеген "қоғам қайраткерлері" де бар екен. 

Адам қалай "тролль" болады?

1. Ауызшадан көрі жазбаша балағаттау оңай. Асықпай, түзеп, боқтықпен тұздықтауға болады.

2. "Монитормен сөйлесу" эффекті. Адамды көрмеген соң несіне қысылады?

3. Монолог. Ешкім сөзіңді бөлмейді, рахат.

4. Дәйек таусылған. Ешқашан еш адам "мынау дұрыс айтады" деп мойындамайды. Амал жоқ жеке басты балағаттауға көшеді.

5. Жеке бас комплексі. Өзінің жолы болмауын өзгеден көріп, беделді адамды балағаттау арқылы психологиялық ләззат алады.

Бәріміз ішімізде тролльмыз. Бірақ этика шеңберінде қала аламыз ба, мәселе сонда. Қалай болғанда да, қанша маска кисек те, виртуалды өмірде реалдағы тәрбиеден асып кете алмаймыз. Әйтеуір бояушы дегенге сақал бояп, желіде жалғыз қалып қоймайық...

Алмас Тоқабаевтың фейсбук парақшасынан алынды

Тегтер: тобырпсихологиясы, троллинг

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.