Қайын атам мамама ғашық: Нұрлан имамға неге біртүрлі сұрақтар қойылады?
Қайын атам мамама ғашық: Нұрлан имамға неге біртүрлі сұрақтар қойылады?
Соңғы кезде жастарға шариғат тәртіптеріне сәйкес, уағыз-насихат жасап жүрген Нұрлан имамнан желі қолданушылары сөз естіді деп жазады newsroom.kz порталы.
Ол әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, оқырмандарының сауалдарына жауап беруді әдетке айналдырғаны белгілі. Кезекті эфирдегі сондай сұрақтардың бірі «Қайынатам туған мамама ғашық. Өзінің сезімін білдірген. Бірақ мен ол кісімен бірге тұрғым келмейді» - деп қойылды.
Оған имам өз жауабын айтқан: «Сенің қайынатаң сенің мамаңа ғашық. Құдағиына ғашық. Онда тұрған не бар? Ал сенің оларға не қатысың бар? Сенімен ақылдасу керек пе? Екеуі бірге қосыла берсін. Үйленсін екеуі. Екі жарты бір бүтін болады. Қайынатаң саған жаман шығар. Мамаңа ұнауы мүмкін. Сенің күйеуің бар. Мамаңа да күйеу керек шығар. Айдаладан іздегенше қайта жақын жерден құдағиына қосылғаны дұрыс шығар» - деп жауап берген. Алайда бұл жауабы оқырмандарға ұнамай, сынның астына алған.
«Нұреке біреу сізден шын пейілмен сұрап отыр. Егер шариғаттағы үкімін білсеңіз айтыңыз. Білмесеңіз шыныңызды айтып, дұрыстап жауап беріңізші. Біреуді мазақ қылып отырсыз ба?», «Осы жолы қуып кетті!», «Точно жұлдыз ауруымен ауырып жүрсіз!», «Осы жолы артық кетіп бара жатыр» - деп жазыпты желі қолданушылары.
Фото: kazislam.kz