Саясат Идаятұлы: бар бәле баж салығынан шығып отырған секілді

17 Қаңтар, 2020 258 0

Шеттен келген көліктер туралы әңгіме боп жатыр ғой. Бұл дау ІІМ-нің ақпаратты дұрыс тарата алмауында жатыр.

Осылар дені дұрыс тірлік істейді де, өздері дұрыс түсіндіре алмайтынына таңым бар. Меніңше бұларға заңды аутсорста дайындайды ғой дейм, әйтпесе өздерінің шығарғанын өздері түсіндіре алмаса.

Ошм, бар бәле кедендік одақтың баж салығынан шығып отырған секілді. Әуелі армян, қырғыз, орыстікі заңсыз, кейін орыстікі заңды, анау екеуінікі заңсыз деп қарапайым жұрттың миын атала қылды.

Ереже қарапайым, Ресей одақта бұрыннан бар, сондықтан ол жақтан келген көліктер Ресейге кіргеннен одақ талабына сай салығын төледі. Ал ол салыққа ҚЗ-да ортақ болғандықтан, бірдей қаралады. 

Ал Армения мен Қырғызға кейін 2015 жылы кіргенмен, 2020 жылға дейін кедендік салықты өз заңдарымен жүргізуге мұрсат берілді.

Сондықтан оларға кірген көлік өздерінікі боп есептелгенмен, Ресей мен Қазақстан, Беларуське шетелдік болады, өйткені оның салығына ортақ болған жоқ қой.

Демек ортақ болу үшін әлгі көліктер аталған үш елге кірсе, одақ талабына сай салық төлеуге мәжбүр.

Осы себептен ІІМ әрі-сәрі күй кешіп отыр. 

Негізі бұл көлік жағдайы басынан бастап ойластырылмады. Түсіндіру жүргізілді дейді, онысы өтірік.

Шын мәнінде түсіндіру емес, заңға сәйкес жүргізілуі керек еді. Елге кірерде шекарада барлығы жазылады. Демек елге көліктің қай кезде кіргені бар, тіркелмесең, тауып алып, шығып кет деп анаааау кезде айтқанда, елге 200 мың көлік кірмес еді.

Үн-түнсіз жатып алды, әбден бәрі кіріп алған соң барып, мәсс, бұлардың бәрі тегін кірді, осылардың салығын жинасақ,  байймыз ғой деген ой келді де, бастап кеп жіберді.

Заңды ақыры орындау керек болса, енді бір амал, анау төлеу керек қаржыны азайту керек, не бірнеше жылға "рассрочка" қылып, бекітіп беруі керек. Әйтпесе қып-қызыл ақшаны бірден тауып беру оңай емес.

Сосын елге лада пайда секілді тазиктерді құрастыруды емес, дені дұрыс көлік шығаруды қолға алса. Әйтпесе соны шығармай қойса да ризамыз. Көлік алпауыты болмай-ақ қоялық. Басқасын жарытып алсақ та болғаны

Саясат Идаятұлының фейсбук парақшасынан алынды

Тегтер: СаясатИдаятұлы, бажсалығы, көлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.