Жаңалықтар

"АМАNАТ" партиясы: облыста 4,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

"АМАNАТ" партиясы: облыста 4,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына «АМАNАТ» партиясынан үміткерлер Бижан Қалмағанбетов, Сергей Вишняк, Еламан Итеғұлов, облыстық штаб басшысы Ербол Данағұлов «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» АҚ қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Үміткер Бижан Қалмағанбетов партия бағдарламасында көрсетілген мәдениет саласына қатысты алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

 width=

— Бүгінде облыстағы үш ірі ауылда мәдениет үйі мен ауылдық клуб жоқ. Сонымен қатар 10 мәдениет нысаны жөндеуді қажет етіп тұр. Мәдени мұрамызды сақтау, рухани-мәдени дамуға жағдай жасау, жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін осы мәселелерді шешуіміз керек. Осы орайда «АМАNАТ» партиясы алдағы жылдары облыс бойынша кемінде 25 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жасауды, 30 мың мәдени іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жалпы бес жыл ішінде өңірімізде мәдениет нысандарының инфрақұрылымын жаңартуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға зор көңіл бөлінеді, — дей келе Бижан Қалмағанбетов жинағандарды алдағы саяси науқанға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Айта кету керек, бүгінде облыста 197 мәдениет ошағы, 236 кітапхана, 21 мұражай, 12 мұрағат, 5 облыстық мәдениет ұйымы бар.

 width=

Жиын барысында облыстық штаб басшысы Ербол Данағұлов өңірде үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлығы 2735 іс-шара ұйымдастырылады. Облыстық сайлауалды штабтың құрамында партия мүшелері және қоғам қайраткерлері бар. Облыста 567 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оларға әрбір сайлаушы тізімді нақтылау үшін өтініш бере алады.

– Партия бақылауында әлеуметтік нысандардың құрылысы да бар. Мәселен, алдағы бес жыл ішінде облыста 4,2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады, 42 денсаулық сақтау нысаны және 40 жаңа мектеп бой көтереді. Кем дегенде 75 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін шешуді қажет ететін мәселелер де көп. Барлық мәселелердің шешілуі партия және қоғамдық бақылау жағынан қамтамасыз етіледі, — деді Ербол  Данағұлов.

 width=

Сондай-ақ, депутаттыққа үміткер Сергей Вишняк партияның сайлауалды бағдарламасындағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындаудың маңыздылығына тоқталып, компания қызметкерлерін 19 наурызда сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

 width=

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.