«Amanat» партиясының үміткерлері амбулаторияға барды
«Amanat» партиясының үміткерлері амбулаторияға барды
Астана қалалық мәслихат депутаттығы үшін «AMANAT»-тың партиялық тізімі бойынша сынға түсіп жатқан Алтыншаш Табулдина мен Константин Коло «Кировтік» отбасылық дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлерімен және ем алушылармен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді, деп хабарлайды newsroom.kz
Жасыратыны жоқ, медицина саласындадамытатын тұстар аз емес. Ақшаныңжеткіліксіздігінен дәрігерлік қызметтің сапасытөмендеп, білікті мамандар жұмыстан шығыпжатыр. Дәрігерлер, медбикелер жетіспейді. Бірақалдағы сайлаудан кейін жағдай түбегейлі өзгеретінтүрі бар. Партия бағдарламасында емдеу мекемелерінің жабдықтарын жаңарту, ауыл медицинасын көтеру, қызметкерлерді баспанамен қамту, жалақысын арттыру сияқты міндеттер қарастырылған.
Астана қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер, №5 емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина «Кировтік» отбасылық дәрігерлік амбулатория орналасқан «Көктал» шағын ауданының жалпы проблемасын жақсы білетінін, сондай-ақ аталған амбулаторияның ғимараты ескі екенін, жері тарлығын жеткізе келіп, түйткілді мәселелердің біртіндеп шешіле беретініне сенім білдірді.
«Дәрігерлердің жалақысы көтерілді. Қалада былтыр 210 орындық перзентхана, 250 орындық акушерлік пункт, 300 орындық клиникалық блок салынды. «Көкталда» жаңадан сауықтыру кешені ашылды», – деді Алтыншаш Табулдина.
Үміткер мәслихатта тек медицина саласының проблемаларын ғана емес, тұрғындардың жалпы әлеуметтік мәселелерін шешуге күш салатынын айтты. «Egregor of Finance Sh.R.» ЖШС директоры Константин Коло өзінің құрылыспен айналысатынын, қалада салынған көптеген ғимараттарда компания мамандарының қолтаңбасы қалғанын естіртті.
«AMANAT» партиясы сөздің емес, істің партиясы. Осы ұйымның атынан сынға түсіп жатқандығыма және әріптестерімнің маған сенім артқанына қуаныштымын. Егер сайлауда жеңіске жетсем, өз кәсіби жұмысыммен бірге депутаттық міндетімді де адал атқаратын боламын, тек бізді қолдап, партияға дауыс беріңіздер», – деген тілегін білдірді.
Мұнан кейін қалалық мәслихат депуттығынан үміткерлер шағын ауданды аралап, жұртшылықпен жүздесті, алдағы сайлауда дауыс беруге қатысуға шақырды.
Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді