Жаңалықтар

UFC келесі турнирді қайда өткізетіні белгілі болды

Әлемдегі ең атақты промоушен 30 мамырға белгіленген UFC Fight Night 172 турнирін өткізетін орын бойынша бір шешімге келді, - деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Vesti.kz. сілтеме жасап.  width= Дана Уайтқа сілтеме жасаған Las Vegas Review-Journal басылымының мәліметінше, бұл шоу ұйымның Лас-Вегастағы жеке UFC Apex аренасында өтеді.

Еске салайық, UFC екі аптада үш турнир өткізіп үлгерді: 9 мамырда UFC 249, 14 мамырда UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Бұл жарыстың барлығы Джексонвилл қаласында болды. 30 мамырдағы турнирдің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жұдырықтасады деп жоспарланған.