Ел, жерін сатқандардың жаназасын шығармау керек, бізде ондайлар көп – Марат Нәбиев
Ел, жерін сатқандардың жаназасын шығармау керек, бізде ондайлар көп – Марат Нәбиев
Мұндай пікірді белгілі кәсіпкер, меценат Марат Нәбиев Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп Newsroom.kz тілшісі жазады.
«Ертеде біздің ата-бабаларымыз елін, жерін сатқан адамдардың жаназасын шығармаған. Тек мұсылмандық емес, тәңіршілдік сенімнен бері келе жатқан нәрсе. Тіпті, зияратқа жерлемеген. Ал халықтың жағдайы қиындағанда ең бірінші ханды өлтірген. Сосын ханды халық сайлаған. Бізде басшылар ондай жауапкершілікті мойнына алса, бәлкім, отыз жылда отыз бас кетер ме еді, кім білсін?! Бізді келеді, «жейді», кетеді, шын мәнінде әр іс үшін әркім жауап беруі қажет»,- дейді ол.
«Сонда Қазақстанда кімдердің жаназасын шығармау керек?» деген төте сұраққа:
«Мен айтпасам да білесіздер. Көп олар. Маған ренжімесін, қазір отырғандардың көбі сол қатарда. Ең болмаса, қалған уақыттарында ел мен жер үшін жұмыс істесін. Енді мұның алдында басқаша болды ғой. Басқаша тақиямызды кидік, енді басқаша киіп жүрміз. Кейін бала-шағасына «міне, басында қиын болды, ал енді қолымнан келгенін қазір жасап кеттім» деп айтатындай болсын. Кейбіреулер бар ғой, өмір бойы арақ ішті, жүрді, енді Меккеге барып келді, пірадар болды, қажы болды, енді өздерінше ақыл айтады. Ондайлар көп, ең болмаса, сондай болсын. Сосын көре жатармыз», - деп жауап берді Марат Әскенұлы.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=s3oWzt8E-ec[/embed]