Жаңалықтар

Біздің сейсмологтар Тәжікістанда жер сілкінгенін білген

Қазақстан ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық станциялары Астана уақытымен 5 наурыз күні сағат 04.10-да жер сілкінісін тіркеді, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі, сейсмологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 621 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6. Магнитудасы 4.7. Тереңдігі-5 шақырым.

Бұған дейін Тәжікістандағы 7.3 баллдық жер сілкінісі Қытаймен Солтүстік-батыс шекарасында болған еді. Жер асты дүмпулерін Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ауғанстанда, Қытайда және Пәкістанда эпицентрден 600 км қашықтықта сезілгенін еске саламыз.

Фото: unsplash