Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева Ахметбек Нұрсиланы ауруға теңеді

Меруерт Түсіпбаева Ахметбек Нұрсиланы ауруға теңеді

Меруерт Түсіпбаева Ахметбек Нұрсиланы ауруға теңеді
ашық дереккөзі
Қазақ эстрадасының әншісі Меруерт Түсіпбаева әлеуемттік желіде өзін-өзі қаматып, елді тексермек болған кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың жасаған әрекетіне өте қатты ашулы. Әнші күллі қазақ үшін қайғылы сәт болған қаралы күнде пранк жасаған бизнес-тренерді сынап, оның жасап жүрген әрекетін мүлдем түсінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Oinet.kz порталына сілтеме жасап.  width= Меруерт Түсіпбаева белгілі журналист Бейсен Құранбектің қазасына барша қазақ халқы қайғырып жатқанда кәсіпкердің мұндай іс-әрекетке барғанына шүйлікті. Ашуға булыққан әнші Ахметбек Нұрсиланы сынап, оның әрекеті орынсыз болғанын бетіне басты.
- "Кеше желі тек бір қазақтың баласын жоқтады! Иманды болсын. Барша қазақ қайғы жұтып, асылынан айрылып отырғанда, мына пенденің, мына қалжыңын қалай түсінеміз? Не айтуға болады? Дәл кешегі күні, әзілдеу дұрыс па?! Әбден хайпажер болып, ақ-қараны ажырата алмай қалған ба? Әлде ауырама екен? Клоун ба? Қазақтар қайда кетіп барамыз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Оған қоса, өнер иесі анасы Бейсен Құранбектің өлімін, өз жақын туысы қайтқандай қабылдағанын айтты.  Еске сала кетейік, бұған дейін Ахметбек Нұрсилаға деген наразылығын белгілі журналист Асхат Садырбай да білдірген болатын.