Мықты деген азаматтың артында, әйелі тұрады дегенді жиі есітеміз. Жігітке үш бақтың бірі жақсы жар таңдау болса, өмірі өрге дөңгелейтіні рас. Бүгінгі кейіпкеріміз көпшілікті сүйікті актері, бүгінде саясаткер Арнольд Шварцнегер туралы болмақ. Оның бағын ашқан дене сымбаты ма, актерлік шеберлігі ме, әлде ауқатты, танымал Кеннедилер әулетінің қызы ма?
Арнольдті көрермендері еркелетіп Арни деп атап кеткен. Ол 1947 жылы Австрияның кішкентай қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Өзінің спортқа деген қызығушылығымен 14 жасында дене сымбатымен ерекшелене бастады. Бар арманы атақты және бай болу еді.
21 жасында танымалдық пен байлық іздеп келген Арни АҚШ-тың мэрі болатыны үш ұйықтаса түсіне кірмеген шығар?! Алайда мұхит асып келгендегі түпкі мақсаты өзіне ғана аян болып қалмақ.
Арнольд 1977 жылы Мария есімді арумен танысады. Мария Швайбер американдық журналист, Кеннедилер әулетінен шыққан. Нақтырақ айтқанда Америка Құрама штаттарының президенті Джон Кеннедидің жиен қарындасы. Бұл кезде Арни бодибилдер болып бағын сынап жүрген. Бірақ ол тілші қызбен шаңырақ көтеруге асықпады. Бұл кезде сұлуларға құмар Арни болса, дат сұлуы Бриджит Нильсонмен кездесіп жүреді. Алайда Арни өзіне өмірлік мықты қорған керегін ұғынған секілді. Осылайша ол 1986 жылы Мария Швайбермен заңды некелеседі. Осыдан кейін Арнольдтың өнері өрге домалай бастайды. "Терминатор" атақты фильмінде басты рөл сомдап, танымал, әрі бай актерға айналады. Осылай ол бір кездері армандаған Америкадан адаспай бағын табады.
Ол өзінің үлгілі отбасын көрсетіп, жарын қасынан қалдырмай жүрген.
Бақытты отбасы төрт перзенттің ата-анасы атанады. Алайда 25 жыл өмірген сүрген бақытты шаңырақтары шайқалады. Ондағысы Арнольдтың бұрынғы үй қызметшісінен некесіз ұлы бар екені пайда болады. Бұл уақытта Арнольд түкірігі жерге түспейтін Калифорния штатының екі дүркін мэрі Американдықтардың сүйікті саясаткер-актері болатын. 2011 жылы екеуі заңды түрде ажырасады. Саяси сахнаның саңлағы болған жарымен Мария тыныш қана қош айтысады. Бақ құсы болған жарын қайтаруға тырысқан Арнольдтың ол арманы орындалмады.