Дүние жүзінде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін - ДДҰ
Дүние жүзінде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін - ДДҰ
Коронавирус пандемиясының қаупі әлі де бәсеңдеген жоқ, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Newsroom + тілшісі РИА Новости. сілтеме жасап.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресей Федерациясындағы өкілі Мелита Вуйнович айтты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемнің түкпіріне жетпей оны тоқтату мүмкін емес. Вирус барлық елде бар. Маман тек инфекцияның адамнан адамға тарау деңгейін азайтуға болады. Ол эпидемияға қарсы қабылданатын шараларға байланысты.
ДДҰ өкілі инфекция қайтадан тарайтын кезде қабылданатын шараларды қарастыру керегін айтады. Маман науқастарды, олармен байланыста болғандарды тез анықтап, емдеу шарасын қабылдап, оқшауланған адамдарды бақылауда ұстау керек екенін атап өтті. Осындай шаралар қалыпты өмірге тезірек келуге ықпалын тигізеді. Мелита Вуйнович шектеу шаралары вакцина пайда болғанға дейін алынбайтынын айтты.
Сарапшының сөзінше, коронавирустың бірінші толқыны болған елдерде екінші толқын да болуы мүмкін. Жергілікті халық инфекцияның қауіпті екенін түсініп, сақтық шарасын сақтау керек.