Қарашадан бері Қазақстанда жеті бала суға батып өлген

14 Қаңтар, 2020 150 0

1 қарашадан бері Қазақстанда беті әлі қатып үлгермеген өзен-суларға түсіп кеткен бес бала қаза тапты. 

Тағы екі бала мұз әлі түспеген өзен суына батып, көз жұмған. Комитет төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев бірнеше күн бұрын Атырау облысында өзенге батып қаза тапқан екі ұл баланың өліміне қатысты жаңа деректерді айтты.

«Ондай жағдайлар (беті әлі қатпаған өзен-судағы балалардың өлімі - авт.) бар. Қайғылы оқиғаның бірі Қостанайда болды, екі күн бұрын Атырауда да тіркелді. Атырау облысында қаза тапқан көрші екі ұл баланың жастары тоғызда еді. Олар көрші болған. Олардың ата-анасы балалардың қайда кеткенін білмеген, кейін шананы көріп, өзенге кеткенін түсінген. Өзіміз де бала болдық, ойнағымыз келетін, бірақ ата-анадары қауіпсіздік шараларын айтуы керек» - дейді Б.Дұзақбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтар күні 9 жастағы екі бала Құрсай ауылындағы үйлерінен шығып, сол күйі оралмаған. Артынша олардың денесі ауыл маңындағы өзеннен табылған.

Дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Тегтер: Қазақстан, су, бала, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.