Өскемен тұрғыны сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытып, арақ талап еткен

14 Қаңтар, 2020 159 0

Өскемен тұрғыны сатушыны ойыншық тапаншамен қорқытып, арақ талап еткен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқиға сағат 15.30 шамасында болған. Медициналық маска киген жігіт дүкенге баса-көктеп кіріп, сатушыға ойыншық тапанша кезеп, бір бөтелке арақ беруін талап еткен. Осы сәтте сатушы қыз тонаушының бетіне бұрыш баллонын бүркіп жібереді. «Қарулы қылмыскер» дүкеннен шығып, кете барған.

– Күдікке ілінген 25 жастағы азаматты қолға түсірдік. Қарудың ойыншық тапанша екені анықталды. Айыпталушы бұған дейін сотты болған, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
   

Тегтер: Өскемен, жаңалықтар, тапанша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.