Жаңалықтар

Каспий жағалауындағы құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылды

Каспий жағалауындағы құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылды

Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды. Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп Newsroom.kz хабарлайды Caravan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақ үйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған. 

Фото: Caravan.kz