Жаңалықтар

Сұмдық! 6 келіге жуық тазартылмаған апиын табылды

Теміртаулық полицейлер сауда орындарының бірінен 6 келіге жуық тазартылмаған апиын тәркіледі, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінде тазартылмаған апиын болуы мүмкін деген ақпарат түсті.

Аталған ақпарат бойынша жұмыс істеу барысында тәртіп сақшыларымен сауда дүкендерінің бірінен жалпы салмағы 25 келі 5 қап тағамдық көкнәр тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тағамдық көкнәрде 5 келі 800 грамм тазартылмаған апиын қоспасы болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz