Жаңалықтар

Көліктердің құлпын ашатын құрылғы тәркіленді

Көліктердің құлпын ашатын құрылғы тәркіленді

Алматы полицейлері бөтен көліктердің құлпын ашатын құрылғыны тәркіледі, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Оның көмегімен үш ер адам Алматының Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында тұрған бөтен біреудің Toyota Camry көлігін ұрлап үлгерген.

– Көлігінің жоғалғанын байқаған шетелдік көлік иесі бұл туралы “102” арнасына хабарлаған. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел іс-шаралар нәтижесінде үш ер адам ұсталды. Оларды қаладағы қонақ үйлердің бірінде құрықтады. Ұрланған көлік Астана қаласынан табылды және тәркіленді. Күдіктілер оны сатып үлгерген, – дейді, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар ұсталғандардан Toyota есігінің құлпын ашу үшін пайдаланылған құрылғы тәркіленді.

ҚР Конституциясының және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Фото: Polisia.kz