Түркістан: Кентауда сайлауды ұйымдастыруға арналған оқыту семинары өтті
Түркістан: Кентауда сайлауды ұйымдастыруға арналған оқыту семинары өтті
ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу барысы бойынша Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев және сайлау комиссиясының мүшесі Данияр Оразымбетов Кентау қаласында оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қалалық аумақтық сайлау комиссиясының барлық мүшелері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Оқыту семинарында 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ережелері, саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Сондай-ақ, сайлауалды үгіт жұмыстары, дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері, учаскелік сайлау комиссияларының сайлау өтетін күнгі заң талаптарына сәйкес атқаратын жұмыстарының алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар, сайлау комиссиясы мүшелері мен байқаушылар, сенімді өкілдердің міндеттері мен жауапкершіліктері баяндалды. Семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тиянақты жауаптар берілді.
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі