21 ақпанда Бейжіңде Мәдениет және туризм министрлігі Материалдық емес мәдени мұра департаментінің жетекшілігімен Guangming Daily ұйымдастырған «Қытайдың 2022 жылғы материалдық емес мәдени мұрасы саласындағы жыл тұлғаларын» іріктеу бойынша 100 үміткерден тұратын тізім жарияланды, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.
Бұл 100 үміткер қорытынды бағалауға қатысады, ең соңында 10 үміткер «Қытайдың 2022 жылғы материалдық емес мәдени мұрасы саласындағы Жыл адамы» атанады.
«Қытайдың материалдық емес мәдени мұрасы саласындағы Жыл адамын» іріктеу науқаны 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді. Материалдық емес мәдени мұра қайраткерлерінің типтік әңгімелерін көрсету арқылы бүкіл қоғамның назарын материалдық емес мәдени мұра мәселесіне аударуды мақсат етеді.
100 үміткердің санатына Шыңжаңнан 5 үміткер таңдалды. Олар: Ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра жобасының тәжік халық әндері бойынша ұлттық деңгейдегі өкілі Райымбай Мүбаракша, Ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра «Манастың» автономиялық регион деңгейіндегі мұрагері Жаннұр Тұрғанбай, Ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра «Жәңгірдің» автономиялық регион деңгейіндегі өкілі Мандыла, Ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра Қазақы киімнің ұлттық деңгейдегі мұрагері Жеңісгүл Нұрданақын, Шыңжаң Ақши ауданы Alice киім өндіру компаниясынің заңды өкілі Мәйіргүл Тайырахун.
Жеңісгүл Нұрданақын - Ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра Қазақы киімдерінің мұрагері. Ол Іледе тұрады, оның отбасы үш ұрпақ бойы тігіншілікпен айналысып келеді. Ол бала кезінен бастап анасынан киім тігуді үйренген, есейе келе өзін Қазақ халық мәдениетін бейнелейтін киімдер мен киіз үйлерді зерттеуге, өндіруге және дамытуға арнады. Бұл кәсіппен айналысқанына 20 жылдан асты.
Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін зерттеу үшін Жеңісгүл ауылдық жерлерді және жайлауларды аралап, қазақ ақсақалдарының үйлеріне барып, қазақ костюмінің мәдениетіне байланысты заттар мен кітаптар жинады. Әртүрлі жерлерде, әртүрлі руларда киімдердің әртүрлі тоқу әдістері қолданылады. Жеңісгүл кішіпейілдікпен үлкендерден кеңес сұрап, кейде үлгілерді суретке түсіріп, көп ізденеді.
Ол Құлжа қаласында Тасбұлақ ұлттық киім компаниясын құрып, дәстүрлі қазақ киімін дамыту жолын кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ егіншілер мен малшыларды жұмыспен қамтып, табыс мәселесін де шешті.