Жаңалықтар

Бразилияда бір тәулікте 20 мыңға жуық адамнан коронавирус табылған

Бразилияда бір тәулікте 19 951 адам коронавирус жұқтырған, енді елде олардың жалпы саны 291 579-ға жетті, - деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.  width= Мұның алдында елде бір тәулікте 17 408 адамнан COVID-19 табылған. Бразилияда 18 860 адам COVID-19 жұқтырып көз жұмған. Аурудан 116 683 адам жазылған.

Бразилия Латын Америка елдері арасында коронавирус жұқтыру дерегі мен адам өлімі бойынша бірінші орында тұр. Соңғы күндерде Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Испания, Италия, Франция мен Ұлыбританиядан озып кеткен.