Жамбылда Бауыржан Момышұлы атындағы кадет корпусын ашу қажет – Серік Сәлемов
Жамбылда Бауыржан Момышұлы атындағы кадет корпусын ашу қажет – Серік Сәлемов
Мұндай ұсынысты білім және тіл саласының сарапшысы Серік Сәлемов «Qasqa Jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп Newsroom.kz жазады.
Оның ойынша, бұл жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайтып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге үлкен септігін тигізеді.
«Жамбыл бұған дейін балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейі жоғары облыс болды. Енді ғана дұрысталып келе жатыр. Меніңше, осы проблемалармен күресуге толық мүмкіндіктер бар. Соның бір жолы – Таразда әскери кадет корпусын ашу. Оған өңірімізден шыққан даңқты батыр Бауыржан Момышұлының атын берсе болады. Еліміздің Оңтүстік әскері біздің өңірде орналасқан. Шекара әскері де, атты әскер де бар. Балаларды оқытып, көрсетіп, үйрететін материалдық база жетеді. Жас ұрпаққа жасалатын үлкен шаруаның бірі осы»,- деп пікір білдірді Серік Жақсылықұлы.
«Жас баланың әскери формамен көшеде жүргенінің өзі айналаға қандай әсер етеді. Кішкентай балалар соған қарап еліктейді. Бұл да тәрбиенің бір түрі, балаға жастайынан отанға қызмет ету туралы ойларды сіңіреді», - дейді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасы:
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=3DZrh5h0TUU[/embed]