Қарағанды облысында карантин ережелері күшейтілуі мүмкін
Қарағанды облысында карантин ережелері күшейтілуі мүмкін
Қарағанды облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны рекорд орнатты. Онда бір тәулікте 24 адамнан COVID-19 анықталған. Осылайша облыста науқастардың саны 300-ге жеткен, - деп хабарлайды Newsroom + тілшісі "Хабар24". сілтеме жасап.
Облыстың бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың айтуынша, бір апта ішінде бұл көрсеткіш 7 пайыздан асатын болса, карантин ережелері күшейтіледі, яғни санитарлын нормаларды бұзған дүкендер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.
Оның айтуынша, облыста соңғы үш күнде COVID-19 көрсеткіші 8,9 пайызға жеткен.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ботақара мен Теміртау ауылдарында әлі күнге дейін каратин ережелері қатаң сақталып жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 7234-ке жетті.